қамқоршылық » " Жаңа Текес негізгі мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
июнь
2019

қамқоршылық

Хаттама №4

Жаңа Текес ауылы 09.12.2019ж
Алматы облысы Райымбек ауданы «Жаңа Текес негізгі мектбі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті.
Қатысуға тиіс-9
Қатыспағаны
Себепті-1
Күн тәртібінде:
1. Мемлекеттік білім беру мекемесіне «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша үміткерлерді іріктеу туралы.

Күн тәртібіндегі қаралатын мәселеге байланысты Мемлекеттік білім беру мекемесіне «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша үш үміткер өтініш беріп отыр.
Атап айтқанда: 1. Жиенбаева Құралай Уалиқызы
2. Дауренова Гүлнара Пардабаевна
3. Далембаев Айдос Советжанұлы

Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 619 бұйрығын басшылыққа ала отырып,мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша заңдылық тұрғысынан іріктеуіміз керек.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі нормативтік-құқықтық құжаттары білім беру менеджиментінің заманауи әдістері, мектепті басқарудағы инновациялары, табысты мектеп, білімді директор, білімді оқушы, жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі, үш тілді білім беруге көшу мәселелері. Қамқоршылық кеңеспен әкімшіліктің өзара іс қимыл жасау жүйесі тұрғысынан болмақ, сондықтан бәріміз еліміздің болашағы жастар десек, сол жастарды дайындап жатқан мектеп екенін ұмытпауымыз керек. Әр үміткерге сұрақтар қойып, аудио, видео тапсырмаларына түсіре отырып, әділ түрде таразылай білейік. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын, кәсіби жетістіктерін, ғылыми зерттеулер, сондай- ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, педагогика және психология негіздері бойынша әңгімелесу түрінде және сұрақ жауап ретінде өтеді. Олай болса іске сәт!
Қамқоршылық кеңестің мүшесі: С.Әбдікерімова
Үміткерлерге қатаң талап қоямын. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары білім беру менеджментінің заманауи әдістері, мектепті басқарудағы инновациялары, табысты мектеп пен табысты директор, табысты оқушы жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі , үш тілді білім беруге көшу мәселелері. Қамқоршылық кеңеспен әкімшіліктің өзара іс- қимыл жасау жүйесі тұрғысынан болмақ, сондықтанда бәріміз еліміздің болашағы жастар десек сол жастарды дайындап жатқан мектеп екенін ұмытпауымыз керек. Ендеше әрбір үміткерді әділ түрде саралайық.

1) Мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша
Үміткер Дауренова Гулнара Пардабаевна 10.01.1068ж туылған. 1989ж Тұзкөл ауылында еңбек жолын бастаған. Тұзкөлде 5жыл жұмыс істеген. Стажы-30жыл. Даму жоспарымен таныстыра келе, өзіне қойылған 22 сұрақтың 14-не дұрыс жауап беріп, 8-не жауап бере алмады. Атап айтсақ:
1. Н.Назарбаевтың 10қазандағы жолдауында білім жайлы не айтып өткен?
2. Сыбайлас жемқорлық туралы өз ойыңызды айтыңыз?
3. Латын графикасына көшу туралы қандай жоспарыңыз бар?
4. Өз жетістіктеріңізді атап өтсеңіз?
5. Тұрмысы төмен отбасы балаларына қалай көмектесесіз?


2.Үміткер Жиенбаева Құралай Уалиқызы. 27.04.1975жылы туылған. Алматы гуманитарлық университетін орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша тамамдаған. Стажы-27ж, директорлықта-3жыл, басшылықта-11, 9айлық курстан өткен. Жаңа Текес ауылында Ауезов көшесі-9үйде тұрады. Даму жоспарымен таныстыра келе, өзіне қойылған 23-сұрақтың 17-сіне дұрыс жауап беріп, 6-на нақты жауап бере алмады. Атап айтсақ:
1) Даму жоспарыңызды неше уақыт дайындадыңыз?
2) Латын графикасына көшуге дайындығыңыз қалай?
3) Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы қанша бөлімнен тұрады?
4) Директорлық лауазымға қайта конкурсқа түсуіңіздің себебі неде?
5) Ыстық тамақ туралы не айтар едіңіз?


3) Далембаев Айдос Советжанович 26.06.1988 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Жаңа Текес ауылында дүниеге келген. Педагогикалық стажы-8жыл , бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп басшылығында 3жыл істеген.
Үміткерге 21 сұрақ қойылды. Сұрақтарға келетін болсақ:
1) Мектептің жақсаруына қандай көмек көрсеткің келеді?
2) Анасы жоқ балаларға қандай көмек беріп отырсың?
3) Робототехника қолдана отырып балаларға кәсіби бағыт бағдар бере аласың ба?
4) Бала құқығын қорғау туралы не айтасың?
5) Сыныптарды жабдықтауға тек спонсорлар ғана іздейсіздер ма? Неге білім бөлімінен бөлінбейді?

Сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Сөйлеушілер:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев Осы мектептің бос лауазымына үміткер А.С.Далембаевтың іс-жоспарын тыңдап сараладыңыздар. Сұрақтар қойылды, толықтай жауап алдыңыздар ма. Енді осы туралы не айтасыздар!
Әбдікерімова Сабира: Мен Гүлнара Дауреноваға өзімнің қойған сұрақтарыма қанағаттанбадым. Өте күрделі сұрақтар қойылған жоқ. Мен қарсымын. Біз Айдостың даму жоспарын тыңдай келе, сұрақтар қоя отырып, болашақтағы жоспарларын білдік. Айдос осы лауазымға лайық деп айта аламын. Сұрақтарына қанағаттанарлық деп баға беремін. Келесі этапқа Айдосты лайық деп отырмын.
Е.Рахметжанов: Даму жоспарын тыңдай келе өзі уайыммен жасағаны көрініп тұр. Сұрақтарға қанағаттандым. Сұрақтарға толықтай жауап берді. Мектепті алға дамытады деп сенемін.
Салимжанов Даулеткелді: Гүлнара Дауренова даму жоспарыңызды нақты түсіндіріп өтпедіңіз. Нақты қандай мақсатпен келгеніңізді түсіне алмадым. Менің сұрақтарыма да толық жауап айтпадыңыз. Мен де қарсымын. Қ.Уалиқызының даму жоспары қанағаттанарлық. Сұрақтарға нақты жауап бермедіңіз. Сіз тәрбие орынбасарына сілтей бердіңіз. Мен қарсымын. А.Далембаевқа келсек мен қолдаймын. Даму жоспары өте жақсы. Сұрақтарға нақты жауап берді, қанағаттанарлық деп бағалаймын.

Жақсымбетова Қарлыға: Осы ауылдың тумасы, жанашыр азаматы , білімі жоғары, мен А.Далембаевқа қарсы емеспін.
Қожамқұл Гулназ: Сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алдық. Қайда жүрсе де көшеде болса да қамқор бала. Мен қарсы емеспін.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев Даму бағдарламасы өте жақсы дайындалған. Өзім қойған сұрақтарға толықтай жауап алдым. Ауыл ақсақалы ретінде мен сізді қолдаймын. Еңбегіңізге табыс тілеймін.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев Гүлнара Дауренова сіз дайындықсыз келгенсіз. Даму жоспарыңызға қанағаттанбадым. Кез келген жерде басшы жергілікті жерде тұруы керек. Алда жалда бір жағдай бола қалса не істейсіз? Құжаттарыңызда толық емес. Ренжімеңіз мен қарсымын. Қ.Жиенбаеваға келсек даму жоспары қанағаттанарлық. Менің қойған сұрақтарыма нақты жауап болмады. Ісіңіз шала екені көрініп тұр. Айдос Далембаевқа келетін болсақ даму жоспары қанағаттанарлық. Сұрақтарға нақты дәлелмен жауап берді. Мен қолдаймын.


Жоғарыдағы үміткер мен сөйлеушілерді тыңдай келе

Шешім етемін:
1) Үміткер Дауренова Гүлнара Пардабайқызын тыңдай келе даму жоспары мен қойылған сұрақтарға жауабы қанағаттанарлықсыз деп табылсын.

2) Үміткер Жиенбаева Құралай Уалиқызын тыңдай келе даму жоспары қанағаттанарлық деп табылып, қойылған сұрақтарға жауабы қанағаттанарлықсыз деп табылсын.


3) Мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазымына үміткер Далембаев Айдос Советжанұлының даму жоспарын және қойылған сұрақтарға дәйекті түрде жауап беруін саралай келе мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің толық қолдауымен келесі кезеңге жіберілсін.

4) Қаулыны бекіту «Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен сұралсын.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев
Мүшелері: С.Әбдикеримова

Д.Салимжанов

А.Ахметова

Г.Қожамқұл

Е.Рахметжанов

Қ.Жаксимбетова

Қ.Өмірбай
Теги:
123

Похожие публикации:

05 июнь 2019 қамқоршылық
05 июнь 2019 қамқоршылық