Ата-ананы қадірлей білейік. » " Жаңа Текес негізгі мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-ананы қадірлей білейік.
01
март
2018

Ата-ананы қадірлей білейік.

Тақырыбы: Ата-ананы қадірлей білейік.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер,слайд.
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
ІІІ.Бейнекөрініс көрсету
ІҮ. Ата-анаға ақ тілек
Ү. Қорытынды
Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!
«Ата-ананы қадірлей білейік» атты 6 "б" сыныбының ашық тәрбие сағатын бастауға
рұқсат етіңіздер!

Жазира: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Мағжан: О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Жазира:Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші!
Ана туралы ән. Орындайтын Сагинова Диана
Мағжан:Әке деген баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.
Ән:Әке туралы жыр.Орындайтын Сәкен Ақбота
Алина: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.
Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.
Серік:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Жазира: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
Айжан: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Ақжол: Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Нұржан: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Еңлік: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).
Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
Әлия: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.
Өміріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Қуанып көз алдыңда жүргеніме.
О,ана ,жетсе екен бар өмірің ,
Қартайған шағымды да бір көруге
Ән: "Аналар алтын" орындайтын Марлен
Кино фильмінен үзінді көрсету «Ата-ананың ақысы»
1.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?(оқушылар пікірін тыңдау)
Би: "Алаш ұлы»
Кино фильмен үзінді «Қарттар үйі»
1.Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?
Оқушылар пікірін тыңдау
Ән: Ата -ана туралы
Жазира:Анасыздар,кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде,қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар. "Отбасы -шағын мемлекет" деген сөз бар.Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.Әйел -ана отбасы жылуын сақтаушы,ал әке отбасының тірегі.
Мағжан:Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Махамбет :Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,
Туған елің сүйсіне мақтасын деп.
Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,
Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
Жазира: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті ата-ана, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,
Сол бағыңда асыр салып ойнағам
Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің
Бар тілегі тек сіздерге арналған
Оқушылардың ата-аналарға арнаған ақ тілектері
Қорытынды: Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.