Қамқоршылық кеңес хаттамасы » " Жаңа Текес негізгі мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес хаттамасы
28
февраль
2018

Қамқоршылық кеңес хаттамасы

Хаттама №1
«Жаңа Текес негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кіші педагогикалық кеңес өтті.
Жаңа Текес ауылы 05.09.2017ж
Қатысқаны:15
Қатыспағаны:5
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту жайлы.
2. «мектепке жол» акциясы кезінде көмек көрсетілетін балаларды анықтау жайлы

Тыңдалды:
Мектеп директоры: Қ.Жиенбаева
Қамқоршылық кеңестің құрамы 5 адамнан құралды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қожамқұл Гүлназ болып бекіді. Құрамында тәрбие орынбасары Ө.Батырбекова, мектеп психологі Г.Әлібай, кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Барқытова, ауылымыздағы кәсіпкері Қ.Жақсымбетова болып бекіді. «Мектепке жол» акциясы кезінде жартылай жетім, аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы балаларына көмек көрсетіледі. Акция кезінде өз көмектеріңізді көрсетсеңіздер өте дұрыс болады.
Сөйлеушілер:
Ө.Батырбекова Қамқоршылық кеңестің құрамына қарсы емеспін. Адал болып, келген көмекті балалардан аямай отырсақ қана әр баланың көзінен қуанышты көре аламыз деп ойлаймын.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе шешім етеді:
1. Қамқоршылық кеңестің құрамы осы 5 адаммен бекітілсін.

2. «мектепке жол» акциясы кезінде көмек жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына көрсетілсін.

Мектеп директоры: Қ.Жиенбаева
Хатшы: Ө.Батырбекова