Мұқағали » " Жаңа Текес негізгі мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2018

Мұқағали

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали қазақ поэзиясының Хантәңірі
Мақсаты:
әдеби-музыкалық кештің мақсаты ақын өмірімен, шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақтың қара өлеңінің құдіреті болғанын таныстыру.Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға, қадірлеуге және музыканың әсем құдіретілігімен тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған видеоролик, ақынға арналан кітап көрмесі,ақынға арналған папка, портреті

І.Жүргізуші.
Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар!
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған
«Мұқағали қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби-музыкалық кешіне қош келдіңіздер!

І.Жүргізуші.
Жайлап жатыр ақырын,
Зал толы жырдың достары
Тыңдамақ абзал ақыны,
Ардақты оның ел-жұрты
Ақын ше? Ақын келмеді.
Бос күтті төрде бір орын
Күмбірлеп залды кернеді
Сөз алып сонда жыры оның
ІІ.Жүргізуші.
Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді.Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.Енді сөз кезегін соларға берейік.
1-оқушы. Ораз
Мұқағалиді ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да- осы қазақтың қара өлеңі.Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды.
Көрініс: Мұқағали үйінде оқушылар көркем сөз оқиды
Мұқағали: Махамбет «Өміріме»
Шәмші: Мағжан «Ғабеке»
Шәміл: Нұржан «Біз албандармыз»
Ғабит: Ақжол «Пай пай шіркін»

ІІ.жүргізуші.
«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді француз ойшылы Шелли. Қане, ақынның поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
өз дауысы тыңдату

І.Жүргізуші.

Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе керек.Алдарыңызда ақынның өлеңдер желісіне жазылған көріністеріне кезек берейік!

Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қоғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау – шапан,
Мынау – атың, мін» демей.

...Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін,
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...

Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жутпайтын ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан

«Менің анкетам» көрініс

І.Жүргізуші.
Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам тартқан.


I.Жүргізуші.
Бір иығына – құдай, бір иығына өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың салмағы бар қуаныш-қайғысымен, кесір - кесапатымен қонған ақынның кезінде өзіне қаншама тірлік кешу қиындықтарын тудырғанымен, ондаған ғасырлық бай мұрасы бар ұлттық поэзиямызға орасан олжа болып қосылғанын да ақын өмірден өткен соң аңғарып, мойындай бастадық.


І.Жүргізуші.
Өлсе өлер Мүқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -деп ақын жырлағандай, иә өлең өлмейді.

ІІ.Жүргізуші.
Ақынның тамаша шығармашылығы оның ірі ақын –М.Мақатаев екенін пайымдатты.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісінде көрініс
І.Жүргізуші.
«Қалың елі-қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен сансына, халқының жүрегі мен жанына, елінің көкірегі мен жадына-уақыт желі, заманалар дауылы шайқай аламас тереңге жіберген бақытты да армансыз ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

ІІ.Жүргізуші.
Қазақ жыры әр уақытта, қазақ өлеңін оқитын ел әр уақытта « өз өмірінен өлең өрген ақынды », сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып тербетер құдіретті жырдың да халқымен бірге, ұлы Тауларымен бірге, ұлы Даласымен бірге өмір сүреді, ғұмыр кешері ақиқат.

І.Жүргізуші. Хор «Сарыжайлау» сөзін жазған М.Мақатаев

ІІ.Жүргізуші.
Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-музыкалық кешін осымен аяқтаймыз.