қамқоршылық » " Жаңа Текес негізгі мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
июнь
2019

қамқоршылық

Хаттама №

Жаңа Текес ауылы 09.11.2018ж
Алматы облысы Райымбек ауданы «Жаңа Текес негізгі мектбі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қамқоршылық кеңестің отырысы болып өтті.
Қатысуға тиіс-9
Қатыспағаны
Себепті-1
Күн тәртібінде:
Мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша үміткерлерді іріктеу туралы.

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 619 бұйрығын басшылыққа ала отырып,мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша заңдылық тұрғысынан іріктеуіміз керек. Әр үміткерге сұрақтар қойып, аудио, видео тапсырмаларына түсіре отырып, әділ түрде таразылай білейік. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын, кәсіби жетістіктерін, ғылыми зерттеулер, сондай- ақ Қзақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, педагогика және психология негіздері бойынша әңгімелесу түрінде және сұрақ жауап ретінде өтеді.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі: С.Әбдікерімова
Үміткерлерге қатаң талап қоямын. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары білім беру менеджментінің заманауи әдістері, мектепті басқарудағы инновациялары, табысты мектеп пен табысты директор, табысты оқушы жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі , үш тілді білім беруге көшу мәселелері. Қамқоршылық кеңеспен әкімшіліктің өзара іс- қимыл жасау жүйесі тұрғысынан болмақ, сондықтанда бәріміз еліміздің болашағы жастар десек сол жастарды дайындап жатқан мектеп екенін ұмытпауымыз керек. Ендеше әрбір үміткерді әділ түрде саралайық.

3) Мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазым орнына конкурстық тағайындау тәртібі бойынша үміткер Далембаев Айдос Советжанович 26.06.1988 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Жаңа Текес ауылында дүниеге келген. Педагогикалық стажы-8жыл , бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп басшылығында 3жыл істеген.
Үміткерге 24 сұрақ қойылды. Сұрақтарға келетін болсақ:
Мектеп мұғалімдері аудандағы 22 мектептің қайсысымен тәжірибе алмасуда ?
Осы жұмысқа директорлыққа не үшін конкурсқа түсіп отырсың?
Мектептің жақсаруына қандай көмек көрсеткің келеді?
Шағын орталықта балаларға арналған ойын алаңы жоқ, оны қалай ұйымдастырасың?
Робототехника қолдана отырып балаларға кәсіби бағыт бағдар бере аласың ба?
Мұғалімдердің жаңа бағдарлама бойынша оқу курсынан қаншалықты деңгейде өтті?
Латын графикасына көшу үшін қандай жоспарың бар?
Мұғалімдердің беделін көтеру туралы не айтасың?
Елбасы жолдауының мұғалімдерге арналған жолдарынан түсініктеме беріп өт.
Жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға қандай көмек көрсетілді?
Білім беру сапасын бағалау жүйесін мұғалімдер толық меңгерді ме?
Мұғалімдерді қоғамдық жұмыстан босату туралы не айтасың?
2018-2019 оқу жылында қанша бала ыстық тамақпен қамтылды?
Конкурс талабы бойынша басшылықта кемінде 1 жыл отыру керек , сенің стажың тола ма?
Елбасы жолдауында жастарға спорт саласын көтеру керек деді, сен қалай іске асырасың?
Жаңа бағдарламамен кабинеттер жабдықталды ма?
Бала құқығын қорғау туралы не айтасың?
Кәсіпкерлерді мектептегі іс шараларға қалай тартасың?
Педагогика сөзінің мағынасы қандай?
Оқушыларды бос уақытында үйірмелерге тарта аласың ба?
Өңірлік деңгейдегі резервті тауып бұқаралық спорт және дене шынықтырудың қолжетімділігін осы мектепте қалай қолға аласың және қандай жетістігің бар?
Мектепте спорт жағынан қандай жетістіктеріңіз бар?
Қазіргі уақытта негізгі мектеп болып отырсыздар, болашақта орта мектеп жасауға бола ма?
Аз қамтылған, толымсыз отбасы балаларына қысқы аяқ киім алып бере аласыздар ма?
Сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Сөйлеушілер:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев Осы мектептің бос лауазымына үміткер А.С.Далембаевтың іс-жоспарын тыңдап сараладық. Сұрақтар қойылды, толықтай жауап алдыңыздар. Енді осы туралы не айтасыздар!
Әбдікерімова Сабира: Біз Айдосқа сұрақтар қоя отырып, болашақтағы жоспарларын білдік, сараладық. Осыған байланысты үш тілде оқыту, жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасау осының барлығы Айдостың бойынан табылады деп үлкен сенім артып отырмын. Айдос осы лауазымға лайық деп айта аламын. Сұрақтарына қанағаттанарлық деп баға беремін. Келесі этапқа жіберілмей мектеп директоры лауазымына тағайындалсын.
Өмірбай Қорлан: Сұрақтарға қанағаттандым. Сұрақтарға толықтай жауап берді. Мектепті алға сүйрейді деген сенім арта аламын.
Жақсымбетова Қарлыға: Осы ауылдың тумасы, жанашыр азаматы , білімі жоғары, мен қарсы емеспін.
Қожамқұл Гулназ: Сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алдық. Қайда жүрсе де көшеде болса да қамқор бала. Мен қарсы емеспін.
Салимжанов Дәулеткелді: Біз Айдосты жақсы білеміз. Оқушыларға қалай тәрбие берді, қалай оқытты түгел көз алдымызда. Сұрақтарға толықтай жауап бере алды. Мен қанағаттанарлық деп баға беремін. Басшылықта істеген жұмыстарын жақсы білемін. Екінші этапқа жібермей ақ басшылыққа тағайындалса деп айтамын. Бағдарламасын жақсы деп бағалаймын.
Қорытынды сөз: Әбдіғазиев Қапержан Райымбек ауданы «Жаңа Текес негізгі мектбі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің отырысында бос лауазымға үміткердің даму жоспары талқыланды. Мектеп 2017жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін директорсыз жұмыс істеп келеді. Осы бір жыл уақыт ішінде мектепке «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен директордың міндетін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Далембаев Айдос Советжанұлы атқаруда. А.С.Далембаевтың басшылығымен мектеп ұжымы 2017-2018 оқу жылын ойдағыдай аяқтады.Сол бір жыл аралығында мектеп мұғалімдері мен оқушылары ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.Атап айтар болсақ аудан,облыс,республика көлемінде жарыстарға қатысып,жеке пәндер бойынша жүлделі орындарға иеленіп,лауреат аталып,мақтау қағазымен марапатталды.Мектеп ұжымында тәртіп бұзушылық болған жоқ.Директордың міндетін атқарған бір жыл уақыт ішінде А.С. Далембаев өзін білікті басшы,ізденімпаз ұстаз ретінде көрсете білді.Аудан бойынша бірінші болып робототехника сыныбын ашып,робототехника оқуын іске асыруға ат салысуда.Нарынқол ауылындағы Б.Соқпақбаев. атындағы орта мектебінде робототехника оқуын іске асыруға ат салысуда.Нарынқол ауылындағы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінде робототехника оқуын аудан мектептеріне енгізу жөнінде мамандар шақырып семинар өткізді.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жастарға деген көзқарасын ,келесі жылы жастар жылы деп жариялануын басшылыққа ала отырып жігерлі жас ізденімпаз ұстаз,іскер маман Далембаев Айдос Советжанович мектеп директоры қызметіне тағайындауды қамқоршылық кеңес мүшелері толықтай қолдап отыр.
Мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазымына үміткерлерді тағайындау тәртібі бойынша «Қамқоршылық» кеңесі
Шешім етеді:
1) Мемлекеттік білім беру органына «Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос лауазымына үміткер Далембаев Айдос Советжанұлының даму жоспарын және қойылған сұрақтарға дәйекті түрде жауап беруін саралай келе мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің толық қолдауымен келесі этапқа жіберілмей ақ бос орынға (директорлыққа) қабылдансын.
2) Қаулыны бекіту «Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен сұралсын.




Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Қ.Әбдіғазиев
Мүшелері:
С.Әбдикеримова

Д.Салимжанов

А.Ахметова

Г.Қожамқұл

Қ.Жаксимбетова

Қ.Өмірбай






Теги:
123

Похожие публикации:

05 июнь 2019 қамқоршылық
05 июнь 2019 қамқоршылық