07
февраль
2024
"Тәңір таудың Мұзбалағы" мүшәйра
Биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
"Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын",-
деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә. Мектебімізде ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Установ Ардақ Нусипжанұлының демеушілігімен өткен жыр керуеніне Текес ауылдық округінің әкімі - Н.Таубалдиев , ауыл ақсақалдары Абдиғазиев Капержан, Ерболат ата , білім бөлімінің маманы Қорабаева Жулдыз, Текес ауылының азаматы Малдыбаев Мұрат әділқазылар алқасы болды. 25 білім алушы қатысып, 1-орынды Қырғызбай Каусар иеленіп, стипендияны жеңіп алды. 2-орынды Асанғұл Ақниет, Қырғызбай Заңғар, 3-орынды Орысбек Толғанай, Айыпжан Жұлдызай, Бақсұлтан Аяулым иеленді. Жас ұрпаққа үлгілі іс жасап отырған ағаларымыз аман болсын!