1-қазан қарттар мерекесі
Алматы облысы Райымбек ауданы Жаңа Текес орта мектебінде 1-қазан Қарттар күніне орай 7-сынып оқушыларының "Қарттарым, аман-сау жүрші..." атты тақырыбында өткізген ашық тәрбие сағаты. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қазақ – қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі