Мектепке жол акциясы » " Жаңа Текес негізгі мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаңа Текес негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
28
февраль
2018

Мектепке жол акциясы

Хаттама №2
«Жаңа Текес негізгі мектебі» Управления образования Алматинской области нде кіші педагогикалық кеңес өтті.
Жаңа Текес ауылы 2.12.2017ж
Қатысқаны:18
Қатыспағаны:2
Күн тәртібінде:
1.Попечительский советтің I-тоқсандағы атқарылған жұмыстары жайлы.

Тыңдалды:

Мектеп директоры: Қ.Жиенбаева
Попечительский советтің құрамы 5 адамнан тұрады. Құрамында төрайымы Қожамқұл Гүлназ, тәрбие жөніндегі орынбасар Ө.Батырбекова, психолог Г.Әлібай, кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Барқытова, кәсіпкер Қ.Жақсымбетова болып жұмыс атқарып отыр. «Мектепке жол» акциясы кезінде жартылай жетім, аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы балаларына көмек көрсетілді. Атап айтсақ: Қарт ұстаз Әбдікерімова Сабира 2 сынып оқушысы Қырғызбай Заңғарға туфли, география пәнінің мұғалімі Жаусанова Ақмарал Юрийқызы Мәншүкке крассовка , ата-аналар комитетінің төрайымы Қожамқұлова Гүлназ 5сынып оқушысы Тәңірберген Біржанға туфли тапсырды. Мектептегі мұғалімдерден 10 000 т көлемінде ақша жиналып , біраз оқушыларға оқу құралдары алынып берілді. Аудандық кәсіподақтан толымсыз отбасына көмек ретінде Орнықбай Гауһарға 10 000т көлемінде мектеп формасы алынып берілді. Қараша айының 11күні «Жартас Қазақстан» қорынан жартылай жетім, аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы балаларына 103 000т көлемінде көмек көрсетілді.
Сөйлеушілер:
Қамқоршылық төрайымы: Г.Қожамқұл Иа, осы уақыт ішіндегі көрсетілген көмектердің бәрін көрдік. Көмек көрсетілгеніне ризамыз. Бір бала қуанса, мың періште қуанады!- дейді ғой. Бала біздің бақытымыз. Әр бала бақытты болуға лайық.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе шешім етеді:
1. Попечительский советтің I-тоқсандағы атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Попечительский советтің жұмыстарының орындалуын басшылыққа алып бақылауды қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.Қожамқұлға міндеттелінсін.

Мектеп директоры: Қ.Жиенбаева
Хатшы: Ө.Батырбекова